Автомобильдік таразы


    Өлшеуіш Жабдықтар Зауытының автомобиль таразылары

    ТОО "Moncon" автомобиль таразылары, сапалы электрондық жабдық жиынтығы бар жоғары беріктілікті металл құрылымы болып табылады, салмағы 20 тоннадан бастап 200 тоннаға дейінгі тиелген және бос автокөлікті өлшеуге арналған.

    ӨЖЗ Автомобиль таразыларының басқа өндірушілерден негізгі ерекшелігі: жақсартылған техникалық және сапалы сипаттамалары, ол өз кезегінде таразылардың қызмет ету мерзімін ұзартады. Сондай-ақ, оларды тіпті қатаң климаттық жағдайларда пайдалану мүмкіндігі бар, кез келген автокөлікті әртүрлі жүктерімен өлшей алады. Бұның дәлелі ретінде, біздің автомобиль таразылардың кейбір параметрлерімен танысуды ұсынамыз:

    • Ең көп жүктеме 20 тоннадан бастап 200 тоннаға дейін;
    • Жүк қабылдау құрылғысының ені 2 метрден бастап 9 метрге дейін;
    • Жүк қабылдау құрылғысының ұзындығы 2 метрден бастап 30 метрге дейін;
    • Жүк қабалдау құрылғысының саны 1 данадан бастап 6 данаға дейін.
    • Жұмыс температураларының диапазоны - 50 бастап + 50 Со дейін.

    Жоғарыда аталған әрбір көрсеткіш өлшеу құралдарының типінің сипатталуына сәйкес келеді және өлшем құралдарының мемлекеттік Реестіріне енгізілген.

    Автокөлікті өлшеу тәсілдері

    Сіздің қажеттілігіңізге байланысты, біздің таразылардың автокөлікті жоғары дәлдікпен бірнеше тәсілмен өлшеу мүмкіндігі бар:

    • Статикалық өлшеу (автокөлікті өлшеу платформасына кіргізіп және оны толықтай тоқтатып өлшеу);
    • Динамикалық өлшеу (автокөлік берілген жылдамдықпен өлшеу платформасынан өткен кезде өлшеу) ;
    • Білік бойынша өлшеу (жеке әрбір осьтің өлшеу нәтижелерін жинақтау әдісімен өлшеу).  

    Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ көпжылдық тәжірибесін ескере отырып, Салмақты өлшеу Жабдықтары Зауыты Ресейдің барлық аймақтарына (Қиыр солтүстікке, Қырымға, Қиыр шығысқа және т.б.) және таяу шетел елдеріне, сонымен қоса ТМД елдеріне (Қазақстан Республикасына, Өзбекстан Республикасына, Қырғызстан Республикасына және т.б.) де жеткізуді сәтті орындайды.

    Тәжірибелі және жоғары білікті инженерлер мен жобалаушылардың штаты, Сіздердің ең қиын талаптарыңызды орындауға әрдайым дайын: автомобиль таразыларын өндіру, жеткізу және монтаждау бойынша (автомобиль таразыларын орнату орындарының климаттық және рельефтік ерекшеліктері, жинақтаушыларға және қосымша жабдыққа қойылатын талаптар, қосымша электрондық жабдығы бар таразылардың жұмыс алгоритмін таңдау және т.б.). Сізге кеңес беру және барлық талаптарыңызды орындау бойынша жұмыстардың бүкіл кезеңі әзірлеу барысында тегін, соңында Сізге шын мәнінде қандай таразылар керектігін білетін боласыз.

    Автомобиль таразыларының негізгі түрлері

    Өлшеу жабдығының ең ыңғайлы жиынтығын таңдау үшін, біз белгілі түрі мен бағыттағы кәсіпорындарға талап етілген автомобиль таразыларының негізгі типтерін анықтадық:

    • Осьтік өлшеу мүмкіндігі бар «Гермес» автокөлік таразылары көп функциялы. Олардың көмегімен сіз көлік құралының жалпы салмағын, сондай-ақ әрбір оське түсетін жүктемені анықтай аласыз.
    • "Витязь" ВТА автомобиль таразылары - бұл таразылардың айрықша ерекшелігі: алдын ала дайындалған фундаментке орнату, ол өз кезегінде техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетеді және жер күйінің маусымдық өзгерістеріне (шөгуі және т.б. ауытқулар) байланысты, таразыларды қосымша калибрлеу қажеттігін болдырмайды.
    • «Ломовик», «Плутон», «Туран» автомобиль таразылары (таразылардың осы түрлерінің әрқайсысы туралы толығырақ жоғарыда айтылғандармен танысуыңызға болады) - бұл таразылардың айрықша ерекшелігі: кез келген түзу бетон немесе асфальт жабынына орнату болып табылады. Сондай-ақ, бұл таразыларды еш қиындықсыз жол тақталарына да орнатуға болады. Мұндай орнату амалдары, осы сериялы автомобиль таразыларына мобильді болуға мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда кез келген уақытта қысқа мерзімде (1-2 күнде), оларды кез келген басқа ыңғайлы жерге алып барып, жөндеуге болады.
    • «Юпитер» (Статикалық өлшеу) және «Юпитер-Д» (Динамикада өлшеу) автомобиль таразылары - үлкен жүкті автокөліктерді, Белаз секілді немесе ұқсастарын өлшеуге арналған ерекше құрылымы мен өлшемдері бар таразылар болып саналады. Бұл таразылардың айрықша ерекшелігі: өлшеу платформасының ені мен ұзындығы бойынша бейстандарттық өлшемдері бар қуатты құрылым болып табылады, ол 200 тоннаға дейін салмақты көтере алады.

    ӨЖЗ автомобиль таразыларының нұсқаларын қарастырған кезде, Сіз әрдайым өзіңізге қажетті қосымша жиынтықты таңдай аласыз:

    • Өлшеу жүйесі - аналогтық немесе сандық;
    • Таразылардың құылымы бойынша толықтырулар - бүйірінен күшейтілген қоршау, орталық жоларалық төсем (табақтың қалыңдығы Сіздің таңдауыңыз бойынша);
    • Таразыларды автоматтандыру жүйесі - өлшеу процесін фотоға және бейнеге түсіру камераларын, автомобиль нөмірлерін автоматты тану жүйесін және т.б. реттеу үшін бағдаршам жүйелерін орнату (толығырақ (Автоматтандыру) бөлімінде таныса аласыз).

    Сондай-ақ, кәсіби құрылысшылар бригадасы қызмет көрсету үшін Сіздің шақыртуыңызға әрдайым дайын: бас құрылыс немесе таразының астына қойылатын табанның толық аяқталған құрылысы. ӨЖЗ атынан орындалатын барлық жұмыстарға ұзартылған кепілдік ұсынылады.

    Егерде Сізде электрондық немесе иінтіректі автомобиль таразылары бар болса, және Сізге оларды жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету қажет болса, онда сіз біздің сайттан қажетті қосалқы бөлшектерді (жинақтаушылар), олардың көрсетілген құнымен бірге әрдайым таба аласыз, сонымен қатар біздің шұғыл шақыру бригадасына оларды жөндеу немесе жаңарту бойынша қызметке тапсырыс бере аласыз. Олар тез арада қажетті жинақтаушылар мен қосалқы бөлшектермен келеді, және қысқа мерзімде Сіздің автомобиль таразыларыңызды пайдалану үшін іске қосады.

    Қазақстаннан жүк таразысын сатып алыңыз

    +7 (7273) 47-08-03 телефонына хабарласып, info@uzvo.kz электронды поштасына хат жазып немесе тапсырыс формасын толтырып, мамандарымызға жолдау арқылы Қазақстанда жүк таразыларын қолжетімді бағамен сатып алуға болады