Таразыларға техникалық қызмет көрсету
Электрондық таразылар - бұл едәуір күрделі аспаптар, олардың жұмыс қабілеттілігін әрдайым бақылауды және сервистік қызмет көрсетуді талап етеді. Сервистік қызмет көрсету - пайдалану мерзімін ұзартады және күтпеген жерден бұзылып қалудың алдын алады.
ТОО "Moncon" компаниясы Сіздерге өлшеуіш жабдықтарыңызға сервистік қызмет көрсетуді ұсынады. Сервистік қызмет көрсету орталығының мамандары, таразыларды пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге байланысты мәселелерді шешу үшін әрдайым Сізге көмектесуге дайын.
Таразыларға техникалық және сервистік қызмет көрсету:
- жұмыстың бұзылуын алдын алуға;
- пайдалану барысында техникалық және метрологиялық сипаттамаларына сәйкес келуіне арналған шаралар жүйесі болып табылады.
Компаниямыздың сервистік инженерлері Сіздің өлшеуіш жабдығыңыздың барлық қызмет көрсету мерзімі бойы оның үздіксіз қызмет етуін бақылап отырады, ол Сіздің жұмысыңызды едәуір жеңілдетеді және қандай да бір аяқасты бұзылуына қатысты тұрып қалуын болдырмайды.
Таразыларға техникалық қызмет көрсету барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады.
Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар тізімі:
- Сыртқы тексеру (сыртқы зақымдануының жоқтығын тексеру, электр қоректендіру және жерге тұйықталу дұрыстығын тексеру, қосу кабельдерінің бұзылуының жоқтығын, тотығу іздерінің жоқтығын, бойлай және көлденең опырғыштарды және т.б. дұрыс реттелуін тексеру);
- Пайдалану шарттарының сәйкестігін тексеру;
- Таразыларды деңгейі бойынша орнатылуын тексеру;
- Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту және орнату;
- Тұтынушылық құжаттаманың метрологиялық сипаттамалар сәйкестігіне тексеру;
- Мемлекеттік тексеріске тапсыру;
- Калибрлеу.
Сервистік қызмет көрсету, жылына екі рет, жылына төрт рет немесе жабдықтың регламенттік қызмет көрсетуі үшін ай сайын жүргізілуі мүмкін (маманның неше рет келетіні жеке кесте бойынша Тапсырыс берушімен келісіледі). Маман таразылардың техникалық жағдайын ҚҚ сәйкестігін; оңтайлы жұмыс орнынан платформа жылжуының жоқтығына тексереді; тиісті пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес аппаратураның профилактикалық қызмет көрсетуін жүргізеді; әрбір датчиктің, АЦТ, электронды аппаратураның жұмыс істеуін тексереді және тестілеу жүргізеді; таразының жұмыс қабілеттілігін және жүктерді пайдалана отырып салмақты өлшеген кезде қарастырылған қызметтерінің орындалуын тексереді және т.б. Қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу, жылына бір рет бірден немесе біздің маманның әрбір барғаны сайын төленеді.