Таразыларды монтаждау

Өлшеуіш жабдықтар зауыты компаниясы, кез келген өндірушінің әртүрлі таразыларын, автомобиль таразыларын, вагон таразыларын және т.б. монтаждау қызметін ұсынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу және жүк қабылдағыш құрылғыны орнату сапасын метрологиялық сипаттамалары мен таразыларды пайдалану барысында олардың жұмыс істеу сенімділігі анықтайды.

Таразыларды монтаждауды, таразыларды қосуды және дәлдеуді компаниямыздың білікті мамандары жүргізеді, олардың тиеу-түсіру жұмыстарын жасауға, металл құрылымдарын монтаждауға құқығы бар және электр қауіпсіздігі бойынша оқытудан өткен.

Бүгінгі таңда "ӨЖЗ" ЖШҚ электронды жабдықтардың барлық түрлерін орнатумен айналысады (аналогтық және сандық). Сондай-ақ, электроникаға таразыларды автоматтандыру барысында орнатылатын барлық қосымша жабдықтар (бағдаршамдар, қозғалыс датчиктері, нөмірлерді тану камералары, қайталайтын табло, жарық және т.б.) жатады.

Сіз біздің компанияға жүгінген уақытта, сондай-ақ таразыларды орнататын орынды таңдау, таразыларды орнататын орынды тұйықтауға дайындау, таразыларды тексеру бойынша кеңес, сонымен қоса өлшеуіш жабдықты таңдауға байланысты басқа да сұрақтарға жауап ала аласыз.


    Өлшеуіш жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстарды орындаған кезде, ең жауаптысы ол таразыларды орнатуға арналған табанды дайындау болып табылады. Осылайша әрбір таразыға жеке табан дайындалады. Төменде таразыларға арналған табандардың негізгі түрлерін қарастырамыз.

    Автомобиль таразыларына арналған табан екі түрлі болуы мүмкін:

    1. Фундаменттік
    2. Фундаментсіз.

    Фундаменттік негіз - қатаң құрылыс тапсырмасы бойынша алдын ала қазылған шұңқырға ұсақ тас себіледі және тапталады, одан әрі болашақ фундаменттің армирленген қаңқасын құрастыру және барлық салмалы бөлшектер бір деңгейге қойылып фундаментті құю жүргізіледі (фундаменттің негізгі түрлері - ол қадалы және монолитті тақта). Бетонды құйғаннан кейін 21 күн ішінде қажетті беріктік пайда болады (яғни бетонды құю жұмыстары аяқталған соң 21 күн өткеннен кейін ғана монтаждау жұмыстары жүргізіледі). Қысқы уақытта міндетті түрде қысқы бетон (арнайы қоспалары бар) пайдаланылады, ал қажет болған жағдайда бетонды жылыту жұмыстары жүргізіледі.

    Фундаментсіз негіз - әртүрлі амалдармен орындалады, солардың негізгісі құмды-қиыршық тасты негізге жол тақталарын салу болып табылады. Сондай-ақ, фундаменттік емес таразылар көлденеңінен түзу, әрі орнықты алаңы (монолитті құйылған тақта, мықты асфальттік жабыны) бар жерге орнатылу мүмкін .

    Жүк қабылдау модулін құрастыру табан түріне қарамастан, қатаң тиісті реттілікпен жүргізіледі. Барлық салмалы бөлшектерді көлденеңінен бір деңгейге қойып, тексерген соң ғана, арнайы астына салатын пластиналар арқылы тензометриялық датчиктердің имитаторлары орнатылады. Орнатылған имитаторларға көтергіш кранның көмегімен кезек-кезек жүк қабылдау платформалары мен қажет болған жағдайда пандустар (таразылардың түріне қарай) орнатылады. Барлық өлшеу кешенін құрастыру аяқталған соң, бойлай және көлденең жылжыту тіреуіштерін баптау орындалады. Барлық жұмыстар біткен соң, имитаторларды тензометриялық датчиктерге ауыстыру және қалған электронды компоненттерді қосу жүргізіледі.

    Бүгінгі таңда "ӨЖЗ" ЖШҚ электронды жабдықтардың барлық түрлерін орнатумен айналысады (аналогтық және сандық). Сондай-ақ, электроникаға таразыларды автоматтандыру барысында орнатылатын барлық қосымша жабдықтар (бағдаршамдар, қозғалыс датчиктері, нөмірлерді тану камералары, қайталайтын табло, жарық және т.б.) жатады.

    Электрониканы қосуды "ӨЖЗ" ЖШҚ жоғары білікті мамандары ғана жүргізеді. Барлық тензометриялық датчиктер салмақты өлшеу түрлендіргішіне (өлшеуіш терминал) қосу қорабы арқылы қосылады. Барлық негізгі электроника қосылғаннан кейін әрбір тензодатчиктің сигналдарын баптау жүргізіледі, содан соң өлшеу терминалының көрсеткіштерін баптау орындалады.

    Өлшем құралдарын мемлекеттік тексеру - төлқұжат мәліметтеріне сәйкес нақты бір түрінің метрологиялық және басқа да сипаттамаларын тексеру болып табылады. Бұл процедураны тек уәкілетті тұлға тиісті жабдықтың көмегімен жүргізеді, ол тексеріс деп аталады.

    Бүгінгі күні тексерістің 3 түрі бар:

    • Алғашқы тексеру – жаңа таразыларды орнатқан кезде немесе оларды жаңартқан кезде;
    • Мерзімді тексеру – пайдалануға берілген таразылар жатады (мұндай тексерістің уақыт аралығы жылына бір реттен сирек емес).
    • Кезектен тыс тексеру – пайдаланылатын таразылардың тексеру белгісінің баспа-таңбасы бүлінген жағдайда, тексеру туралы куәлік жоғалған уақытта жүргізіледі.

    Тексеру қорытындысы бойынша, тексеру туралы куәлік таразы иесінде қалады, ал тексеру белгісінің баспа-таңбасын тексеруші таразының өзіне және тиісті жабдыққа қояды.