Өндіріс

ТОО "Moncon" компаниясы - өнеркәсіптік таразыларды өндіретін ең ірі өндіруші болып табылады. Өндірудің көпжылдық тәжірибесі мен заманауи жабдықтар, компаниямызға өнім сапасының ең жоғарғы деңгейіне жетуіне мүмкіндік берді.

Өлшеуіш жабдықтар зауытының жеке өндірістік-қойма кешені бар, ол бірнеше цехтан, кеңселерден, гараждан және басқа да ғимараттардан тұрады.
Өнімді жасау үшін бірыңғай сапалы сертификатталған материалдар мен жинақтаушылар пайдаланылады, олар өндіруші зауыттардан тікелей өндіріске жеткізіледі. Барлық өндірілетін тауарлардың қажетті типті сынау сертификаттары бар.

Бізде техникалық бөлім қалыптасқан, онда жаңа өнімдер мен жеке тапсырыстарды ойластыратын білікті мамандар жұмыс атқарады.

Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің дәл өзара әрекеттесуі мен қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің арқасында, барлық тапсырыстар өте жылдам орындалады, әрі сапасына кепілдік береді.


    Көпжылдық жұмыс тәжірибесін ескере отырып, ТОО "Moncon" қоймаларында дайын таразылардың ең көп тараған тізімі, сондай-ақ бейстрандарттық тауарлар өндірісін кешіктірмей бастау үшін жеткілікті материалдар мен жинақтаушылар әрдайым қолда бар.

    Шартқа отырған соң, барлық қажетті құжаттама жобалау бөліміне жіберіледі. Ол жердегі мамандар таразылардың түріне, климаттық жағдайларға, орнатылатын жеріне және тапсырыс берушінің басқа да талаптарына байланысты, таразылардың жеке жобасын егжей-тегжейлі дайындайды, сызбасын жасайды, осы өлшеуіш кешенге қандай материалдар мен жинақтаушылар қажет екендігін анықтайды.

    Таразыларды сапалы құрастыру үшін ТОО "Moncon" өндірістік цехтары барлық қажетті заманауи автоматтандырылған жабдықтармен жабдықталған. Зауыт цехтарында таразылардың жеке бөлшектері (платформалар, рамалар, салмалы бөлшектер, опырғыштар және т.б.) шығарылады.

    Содан кейін, орнатылатын жерде конструктор сияқты бөлшектерді жинау жүргізіледі. Барлық құрастырулар қатаң түрде сызбалар мен жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

    Таразыларды бояу арнайы тағайындалған орындарда барлық қажетті технологияларды сақтау арқылы орындалады. ТОО "Moncon" таразыларының өзіндік фирмалық түсі бар, ол сыртқы түрімен және қабылдауымен ғана емес, сонымен қоса бояу материалдарының сапасымен де ерекшеленеді.

    Тапсырыс берушінің өтініші бойынша, немесе таразы орнатылатын жерде калибрлеу мүмкін болмаса, ТОО "Moncon" монтаждаушы мамандары алдын-ала калибрлеу мен баптауды цехта жүргізеді. Сонымен қатар, өлшеуіш кешенді автоматтандыру бойынша тапсырысты орындаған кезде, датчиктердің, бағдаршамдардың, нөмірлерді анықтауға арналған камералардың және басқа жабдықтардың жұмысы ТОО "Moncon" арнайы тестілік полигондарында синхрондалады және бапталады.

    Ірі габаритті таразыларды (автомобиль, вагон) жеткізу барысында олардың бұзылмауы, сондай-ақ тиеуге және түсіруге ыңғайлы болу мақсатында, жинақтаушылар (тензодатчиктер, қосу қораптары, салмақты түрлендіргіштер және т.б.) арнайы каптамамен (ағаш жәшіктер) жөнелтіледі. Ұсақ габаритті таразылар (конвейер, кран және жануарларды өлшеуге арналған таразылар) тұтастай арнайы қаптамалармен жіберіледі.