Жаңарту


    Таразыларды жаңарту - метрологиялық және пайдаланушылық сипаттамаларын жақсарту мақсатында тірек жүйесін күштің тензометриялық датчиктерімен, ал меңзерлік индикаторды сандық аспаппен (терминал) алмастыру. Нәтижесінде механикалық тіректік таразыларға жаңа төлқұжат беріледі және олар заманауи электрондық таразылардың барлық басымдылықтарына ие болады. Таразылар МСТ OIML R 76-1-2011 стандартына сәйкес келеді және РФ өлшем құралдарының Мемлекеттік Реестріне енгізіледі.

    Жетілдіру келесідей іс-шаралар жоспарынан тұрады:

    1. Бар механикалық таразылардың күйін зерттеуді жүргізу үшін маманның шығуы (платформа, іргетас, үй-жай);
    2. Келесі жұмыстар үшін қажетті барлық өлшемдерге тексеру және шешу актісі жасалынады;
    3. Жаңарту жобасын кәсіпорын құрастырғыштарының күшімен істеу;
    4. Тапсырыс берушіге фундаменттен табылған кемшіліктерін түзету және оны құрылыс тапсырмасына сәйкес жетілдіру бойынша құжаттаманы (құрылыс тапсырмасы, ұсынымдар) тапсыру. * металл тіректермен болған нұсқада фундаментті сол қалпында қалтырады;
    5. Иінтірек жүйесін бөлшектеу және жаңа электрондық құрылғыны құрастыру;
    6. Қажет болған жағдайда жүкқабылдау платформасының құрылымдық элементтерін өзгерту немесе қосымша құрылымдық элементтер енгізу (бойлай және көлденеңінен жылжыту опырғыштары, платформаны қажет болған жағдайда ұзарту, төсемді алмастыру және т.б.);
    7. Қосымша опцияларды тағайындау (қажеттілік бойынша)
    8. Жаңартылған құрылғыны Мемлекеттік тексеруге калибрлеу және тапсыру.

    Фундаментті түзету берілген құрылыс тапсырмасы және орындаушының кеңесі бойынша тапсырыс берушінің күшімен жүргізіледі. Бұл жұмыстар тапсырыс берушінің келісімі бойынша орындаушымен де атқарылуы мүмкін.