Таразының астына құйылатын фундамент
Біздің компания Сізге таразының астына құйылатын фундамент құрылысының орнын таңдауға және фундамент дайындауға қатысты барлық құрылыс жұмыстарын атқаруға көмектесе алады.
Таразының астына құйылатын фундамент - бұл ауыртпашылықты өзіне түсіретін тіреуіш және оны жоғарыда орналасқан таразыдан табанына береді. Фундамент құрылысын бастамас бұрын, оны мұқият белгілеп алу керек. Фундаменттің тиісті беріктігі, табан жазықтығында аударылуға және тайғанауға шыдамды болуы, атмосфералық факторлардың әсер етуіне төзімді болуы, сонымен қатар жер асты суларының әсер етуіне қарсыласуы тиіс. Төзімділігі бойынша, ол жоғарыда орналасқан таразылардың пайдалану мерзіміне сәйкес келуі, үнемшіл болуы және құрылыстың жаңа материалдары мен заманауи әдістері пайдаланыла отырып жасалуы тиіс.
Фундаментті монтаждау - еңбекті өте көп қажет ететін процедура және фундаменттік негіздің типіне байланысты 1 аптадан бастап 4 аптаға дейін созылуы мүмкін. Салмақты өлшеу датчиктерінің (электронды тензометриялық датчиктер) астына салмалы бөлшектерді орнатуға нақты рұқсат беруге қойылатын қатаң талаптар (салмалы бөлшектердің әртүрлі биіктігі 1мм-ден аспауы қажет ), сондай-ақ бетонмен жұмыс істеу, кеңістік каркасын арматуралау, негізін гидрооқшаулау және дайындау технологиясының талап етілетін жоғары деңгейі - автомобиль немесе теміржол таразыларының астына фундаментті құю бойынша "штатты" жұмыстарды жүргізудің ажырамас бөлігі болып табылады. Ғимараттың астына құйылатын фундаментке қарағанда, вагон немесе автомобиль таразыларына арналған фундамент әрдайым динамикалық ауыртпашылыққа дайын болуы тиіс, демек, ол мықты болуы керек.
Фундаментті жобалау барысында, оған үлкен салмақ түсетінін ескерген жөн, шамамен 60-100 тонна, сирек жағдайда 200 тонна және одан асуы мүмкін. Егерде фундамент дұрыс құйылмаған болса, мұндай ауыртпашылықтар тіпті ең сапалы, әрі дұрыс жасалған таразыларды тез істен шығарады. Осыған байланысты, олар дұрыс жобаланған және құйылған фундаментке орнатуды талап етеді. Біздің мамандар құйған фундамент дәл осындай ауыртпашылықтарға есептелінген.
Таразыларға арналған фундамент өндірісінің басты материалы темірбетон болып саналады. Автомобиль таразыларының салмақ датчиктері жөнделетін орындарда, қадаларды орнату қажет немесе шұңқыр жасау керек және жердің қататын қабатынан асатын тереңдікке бетон құю қажет. Осындай тірек құрылымдары орнатылғаннан кейін ғана, вагон немесе автомобиль таразылары отырып қалмайтынына (әрине олардың көрсеткіштерін бұрмалайды) сенімді болуға болады. Автомобиль таразыларына автомобильдер кіру үшін арнайы темірбетон пандустары құйылады.
Бетонды салмас бұрын, қиыршық тастан және топырақтан жасалған көпшік жасау, гидрооқшаулау жасау қажет, ал жабдықты монтаждау алдында бетонның қатуын күту керек. Сол себепті, фундамент құрылысының жұмысының басынан бастап, таразыларды өнеркәсіптік пайдалануға бергенге дейін 35 күн өтуі мүмкін, монтаждау барысында дайын темірбетон құрылымдарын пайдалануға болады, бірақ монолит бетон тиімдірек.
Мықты сүйенішінен басқа, фундамент дәл көлденеңінен тұруының арқасында салмақты өлшеу дәлдігін көрсетеді. Сәл ғана көлденеңінен кеткен ауытқулар өлшемдердің бұрмалануына әкеледі. Фундаментті құрастыру барысында, міндетті түрде келешектегі ауыртпашылықтар мен жердің типі ескеріледі.
Әдеттегідей, автомобиль немесе теміржол таразыларының астына фундаментті құю жұмыстарын арнайы оқытылған білікті бригада емес, осы салада дағдылары және жұмыс істеуге рұқсаттары жоқ өздерінің "жергілікті" мамандарының күшімен істелген жағдайда, осының барлығы көбінесе қынжыларлық нәтижеге әкеледі және таразылар жұмысының дәлдігі мен төзімділігіне әсер етеді.
Біздің компания таразыларға арналған сапалы фундаменттің құрылысына және уақытында орнатуға және жабдықты халықаралық стандарттарға сәйкес баптауға кепілдік береді.