Таразыларды автоматтандыру

Өлшеуіш жабдықтар зауыты, компания мамандары әзірлеген жеке БЖ пайдалана отырып, автомобиль, вагон және бункерлік кез келген күрделі таразылардың автоматтандыруын жүргізеді.  

Автоматтандыру жиынтықтары (БЖ, қосымша жабдық) тапсырыс берушінің қажеттілігі мен қалауына қарай алынады (конструктордың қағидасы). Бағдарламалық кешеннің өзі, жеке бөлінген модульдер болып саналады, әрбір модуль қосымша жабдықпен бірге автоматтандыру жүйесінде белгілі бір әрекетке жауап береді. Автоматтандырылған жүйеге деген мұндай қағида, тапсырыс берушіге ең керектісін орнатуға мүмкіндік береді, сонымен қоса болашақта қажеттілігіне қарай өзінің жүйесін жаңа модульдермен толық жасақтау мүмкіндігін қалдыра алады, сөйтіп бағдарламаның қосымша қызметтері мен мүмкіндіктеріне ие болады.

Қойылған мақсатқа байланысты, жүйе - аналогтық немесе IP-бейнекамералардан, бағдаршамдардан, қалып датчиктерден, RFID - есептеуіштерден, шлагбаумдардан, қайталайтын таблодан, дауыс зорайтқыштардан, сигнал беретін құрылғыдан және т.б. тұруы мүмкін.

Автомобиль таразыларын автоматтандыру кезіндегі стандарттық нұсқалар:

  1. Автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен жүгін фотоға түсіру жиынтығы.
  2. Мемлекеттік нөмірлерді тану және фотоға түсіру жиынтығы
  3. Салмағы бойынша қозғалысты бағдаршамдық автоматты басқарумен мемлекеттік нөмірлерді тану және фотоға түсіру жиынтығы
  4. Салмағы бойынша қозғалысты бағдаршамдық қолмен басқарумен мемлекеттік нөмірлерді тану және фотоға түсіру жиынтығы
  5. Өлшеу процесіне бейнебақылау жүргізу - автоматтандырудың кез келген жүйесін толық жинақтауға болады.
  6. RFID - белгілері бойынша көлік қозғалысын бақылау.
  7. Таразыға автомобильді жайғастыру
  8. Бір жұмыс орнынан бірнеше таразыны басқару

Вагон таразыларын автоматтандыру кезеңіндегі стандарттық нұсқалар:

  1. Вагон нөмірлерін тану және фотоға түсіру жиынтығы;
  2. Өлшеу процесіне бейнебақылау жүргізу;
  3. Борттары, өсі, арбашасы бойынша вагондарды өлшегенде БЖ орнату және баптау - бірқалыптылығы үшін;
  4. Таразыға вагонды жайғастыру.

Қосымша элементтер мен қызметтер:

  • Әртүрлі жүйелерге қосымша құрылғылар - бағдаршамдар, шлагбаумдар, камералар, есептеуіштер, қайталайтын табло, сондай-ақ хабарландыру жүйелері мен өлшеуді автоматтандыруға арналған қажетті басқа да жабдықтар қосылуы мүмкін.

Сонымен қатар, тапсырыс берушінің дайындалған техникалық тапсырмасы мен сұранысы бойынша БЖ интерфейсін (кестелер, есептемелер, фильтрлер, қосымша опцияларды қосу) және т.б. түзету мүмкіндігі бар.