Вагон таразылары


    ТОО "Moncon" Вагон таразылары

    ӨЖЗ өндірілетін вагон таразылары - жоғары сапалы электроника жиынтығы бар сенімді металл құрылымы болып саналады, ол теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің сипаты мен тасымалдау тәсіліне қарамастан (платформа, цистерна) оларды өлшеу үшін пайдаланылады. Таразылар 30 тоннадан бастап 200 тоннаға дейінгі жүк салмағын өлшеуге қабілетті.

    ТОО "Moncon" вагон таразыларының негізгі артықшылығы: сапасы, сенімділігі, ұзақ қызмет етуі, төзімділігі, және Ресейдің кез келген жерінде және таяу шетел елдерінде ең ауыр пайдалану жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігі. Ең алдымен, ӨЖЗ вагон таразыларының негізгі артықшылықтарының біреуімен танысуды ұсынамыз:

    • Ең үлкен жүктеме 30 тоннадан бастап 200 тоннаға дейін;
    • Жүкқабылдау жабдығының секциясының ұзындығы 3 м бастап 7 м дейін;
    • Жүкқабылдау жабдығының секция саны 1 данадан бастап 7-ге дейін.
    • Жұмыс температураларының диапазоны -50Со +50Со дейін.

    Барлық жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер өлшеу құралдары типтерінің сипатталуында бар және белгіленген тәртіпте өлшем құралдарының мемлекеттік реестріне енгізілген.

    Теміржол көлігін өлшеу әдістері

    ТОО "Moncon"-дан вагон таразыларының барлық түрлері теміржол көлігін ерекше дәлдікпен келесідей екі әдіспен өлшеуге мүмкіндік береді:  

    • Статикалық өлшеу (вагонды таразының жүк қабылдаушы платформасына (таразылық платформа) толықтай тоқтатып тиеу арқылы өлшеу);
    • Динамикалық өлшеу (берілген жылдамдықта таразының жүк қабылдаушы жабдығының (таразылық платформа) бойымен жүріп өткенде) ;  

    Егер сізге бейстандарттық орындаудағы таразылар қажет болса, біздің құрастыру бөлімі қысқа уақыт аралығында сіз үшін сіздің техникалық тапсырмаңыздың орындалуы бойынша жеке жоба жасап береді. Адамның тілін таба білу және қолдағы бар бағдарламалық қамсыздандыру бізге бұл жұмысты қысқа уақыт мерзімінде орындауға, сонымен қатар көптеген факторларды (климаттық жағдайы, жер ерекшеліктері, қосымша жабдықтарды қамтамасыз ету бойынша талаптар және т.б.) ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге сіздің назарыңызды жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығы тегін орындалатындығына аударғымыз келеді. Себебі сіздің талаптарыңыздың орындалуы біздің ықыласымыз болып табылады.

    Біздің зауыттың бүкіл жұмыс істеп тұрған уақытында ауқымды ресми дилерлер желісі және өкілдер желісі ретке келтірілді. Олардың құқықтары барлығын білу үшін сіз кез келген уақытта біздің сайттың "Контактілер" бөлімінде көрсетілген көпканалды телефон номеріне қоңырау шалып біле аласыз. Біздің дилерлік орталықтардың ауқымды желісінің арқасында біздің таразылар Қиыр Солтүстік, Қырым, Қиыр Шығыс, Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және т.б. жерлерде жұмыс істеп жатыр.

    Вагон таразыларының негізгі түрлері

    Сізге вагондық таразылар жинағын таңдау қолайлы болу үшін біздің зауытпен көптеген кәсіпорындарда танымал қолданыстағы вагондық таразылардың негізгі типтері жасалынды:

    • "ВТВ-С" статикада әр вагондық өлшеу таразылары - бұл типті таразылардың жұмыс принципі келесілер болып табылады: кез келген модельдегі бос және тиелген әр вагонды жеке ажыратумен және ажыратусыз статикалық өлшеу.
    • "ВТВ" әр вагондық өлшеу статика-динамикалық таразылары - бұл типті таразылардың жұмыс принципі келесілер болып табылады: кез келген модельдегі бос және тиелген әр вагонды жеке ажыратумен және ажыратусыз қозғалыста (динамикалық режимде) және статикалық режимде өлшеу
    • "ВТВ-С" арбалық өлшеу таразысы - бұл типті таразылардың жұмыс принципі келесілер болып табылады: вагонның әрбір арбасын жеке статикада өлшеу, нәтижесінде алынған нәтижелер автоматты режимде қосындыланады және жүйе жүктің жалпы салмағын өзі анықтайды.
    • "ВТВ" арбалық өлшеу таразысы - бұл типті таразылардың жұмыс принципі келесілер болып табылады: вагонның әрбір арбасын динамикада (қозғалыста) өлшеу, ары қарай алынған нәтижелер автоматты режимде вагондағы жүктің жалпы салмағын бере отырып қосындыланады.
    • "ВТВ" осьтік өлшеу таразысы - бұл типті таразылардың жұмыс принципі келесілер болып табылады: вагонның әрбір осін динамикада (қозғалыста) өлшеу, сосын алынған нәтижелер автоматты режимде вагондағы жүктің жалпы салмағын бере отырып қосындыланады.

    Жоғарыда көрсетілген вагон таразыларының барлық типтері екі нұсқада жасалынады:

    • Фундаменттік орындаудағы вагон таразылары - бетон, армирленген фундамент, құмдық тұғырыққа орнатуға арналған таразылар. Фундаментке келесіде ЖҚҚ орнатылатын төсеніш бөлшектер құйылады.
    • Фундаментсіз орындаудағы вагон таразылары - бетон жол тақталарына (күрделі фундаментсіз) орнату үшін арналған таразылар.

    ТОО "Moncon" өндірісінің вагон таразыларының нұсқаларын таңдау кезінде сізге әрқашан да қосымша жинақтау ұсынылады:

    • Өлшем нәтижелерін көрсету үшін шығаратын табло;
    • Вагондарды бейнебақылау жүйесі;
    • Жарылыстан қорғаныштық құрылымы;
    • Вагондағы жүктің біркелкі жайылуы үшін бағдарламалық қамсыздандыру;
    • Салмақ өлшеудің сандық жүйесі.

    ТОО "Moncon" қосымша қызметтері

    Монтаж қызметтерін немесе таразылар негізінің құрылысы бойынша жұмыстарды орындау үшін сіз біздің монтаждық және құрылыстық бригадаларымызға иық артуыңызға болады. Олар ешқандай қиындықсыз және өздерінің білімдерімен барлық қажетті жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстарға да кепілдік ұзартылады.

    ЖШҚ "Өлшеуіш жабдықтар зауыты" жағынан сонымен бірге вагондық таразыларды жаңалау бойынша қызметтер ұсынылады. Егер сізде иінтіректі немесе электрондық вагон таразылары бар болса, бірақ қате өлшеуі немесе тұрақты жиі сынуы сізге бизнес жүргізуге кедергі жасаса, тез арада олардың сауатты жөнделуін немесе дұрыс техникалық қамсыздандыруын орындау қажет. Ол үшін біздің сайттағы "Жинақтауыштар" бөлімінде сіз еш қиындықсыз қосылқы жинақтауыш жабдықты таба аласыз және сайтта тікелей сол жабдықтың техникалық сипаттамаларын зерттеп, бағаларын біле аласыз. Сонымен қатар сіз сайттан таразыларды жөндеу немесе техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметке тапсырыс бере аласыз. Тапсырысты қабылдағаннан кейін біздің мамандар сізге қолайлы уақытта барлық қажетті жұмыстарды орындай отырып, сіздің таразыларыңызды жұмысқа қосады.